Спам хабарламалар мен қоңыраулар, спамға толы электрондық пошталар. Электрондық жәшіктерде толып тұратын спамдар қарапайым жарнама да, қауіпті вирусы бар зиянды хабарлама да болуы мүмкін. Спаммен күрес тәсілдерін әркімнің білгені дұрыс.
Спамды 80% азайтуға болады
Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: fotografstockholm
1,990
оқылды

Спамнан арылудың әртүрлі тәсілдері бар. Сондай тәсілдердің негізгілері туралы newatlas.com технологиялық платформасында жарияланған материалға сілтеме жасаған Aikyn.kz пайдалы кеңестердің ең тиімділерін түсіндіреді.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: lvcandy

2023 жылы америкалықтар күніне шамамен 8 миллиард спам-хабарлама алатынын белгілі болды. Бұл үлкен алаңдаушылық пен қорқыныш тудыратын мәселе және оны бірден тоқтату мүмкін емес.

Дегенмен, электрондық пошта жәшігіне ағылып келетін спам тасқынын 80%-ға дейін азайту үшін бірнеше тәсілдерді қолдануға болады.

1-қадам. Деректер брокерлері деп аталатын компаниялар мен адамдарды іздеу сайттары жеке деректерді тіміскілеп іздейді, содан кейін олар адамдардың жеке  деректерін бейтаныс адамдарға, маркетологтарға, кейде тікелей алаяқтарға сатады. Бұл жеке пошталарға келетін спамның санын арттырады. Сондықтан деректер брокерлерінен және адамдарды іздеу сайттарынан жеке ақпараттарды жою керек.

Бұл компаниялардың жеке деректерді алуын тоқтату мүмкін емес. Дәл қазір телефон нөмірін Google іздеу жүйесіне енгізіп, сол адамның жеке мәліметтерін қанша деректер брокері сатуға шығарғанын көруге болады.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Tim Robberts

Интернеттегі қолданушының жеке деректерін, цифрлық іздерін тазалайтын мамандандырылған қызметтер де бар. Incogni қызметі де телефон нөмірлері және электрондық пошталар сияқты жеке ақпараттың интернетте таралуына жол бермейді. Бұл автоматтандырылған жеке ақпаратты жою қызметі. 

Мұндай әрекеттерді әрбір адам өзі де жасай алады. Google іздеу жүйесі арқылы әрбір адам қандай деректер брокерлері мен адамдарды іздеу сайттарында өзінің жеке деректері бар екенін анықтай алады. Содан кейін әрбір веб-сайтқа кіріп, оның бас тарту бетін тауып, деректерді жою сұрауын жіберу керек. Бұл уақытты қажет етеді және ұдай тазалауды қажет етеді. Себебі деректер брокерлері қолданушының жойған ақпаратының орнына басқасын жаңалап қоюы мүмкін.

Бірақ қолданушының ақпаратты жою әрекеттері спам көлемін айтарлықтай азайтады.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Brothers91

2-қадам. Бұл қатаң сақталуы тиіс ереже. Спамға ешқашан жауап бермеу керек. Хабарламаға жауап берсе де, электрондық поштадағы жазылудан бас тарту сілтемесін басса да, спамердің қоңырауына жауап берсе де мәселені ұшықтырып жіберуге болады. Өйткені спам хабарламасына жауап беріп, алаяқтар құрған торға түсу, зиянды бағдарламалық құралды жүктеп алу сияқты қауіптерге ұшырау ықтималдығы өседі.

Сонымен қатар адамның телефон нөмірі немесе электрондық поштасы белсенді екені білініп қалады. Қолданушы «жазылымнан бас тарту» түймешегін басқан сәттен бастап спам одан сайын көбейіп кетеді.

3-қадам. Электрондық поштаны қорғау керек. Поштаны қорғау туралы мәліметтер қандай электрондық поштаны пайдалануға байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Әдетте бұл спам сүзгісін қосу (фильтр), HTML хабарламаларындағы кескіндерді блоктау және барлық қолжетімді құпиялық мүмкіндіктерін пайдалану сияқты сервистер. Олардың қосылғанына көз жеткізу үшін электрондық пошта параметрлерімен мұқият танысқан жөн. 

Электрондық пошта провайдерлері поштаға жіберілетін адрестерді бұғаттауға (блоктау) мүмкіндік береді. Уақыт өте келе бұл тәсіл де кіріс жәшігіне келетін спам хаттардың санын азайтады.

Төмендегі видео материал да спам туралы түсінікті кеңейтеді, көруге 7 минут уақыт кетеді:

4-қадам. Телефонды қорғау да спамды азайтады. Спам хабарламалар мен спам қоңырауларды тоқтату үшін смартфонның параметрлерін өзгерткен де тиімді. iPhone-да «Параметрлер» қолданбасы арқылы «Белгісіз қоңырау шалушылардың дыбысын өшіру» мүмкіндігін қосуға болады. Бұл контакт ретінде сақталмаған кез келген адамды тікелей дауыстық поштаға жібереді.

Бұдан басқа «қажетсіз қоңыраулардың дыбысын өшіру» мүмкіндігін пайдалануға болады, ол дәл сол әрекетті жасайды, бірақ тек спам деп күдіктенген қоңыраулардың дыбысын естіртпейді. Бұл сервисті қосу үшін алдымен байланыс операторының бұндай қызмет көрсететініне көз жеткізіп алған жөн.  

Ал Android телефондарында телефон қолданбасының параметрлері арқылы белгісіз қоңырау шалушыларды блоктауға болады. Android және iPhone екеуі де күмәнді ден саналатын белгілі бір нөмірлерді бұғаттау мүмкіндігін береді. Сондықтан телефон арқылы қандай да бір сатушы жиі мазалай бастаса оны тоқтату қиын емес. Телефондағы спамды сүзгілеуді күшейту үшін белгілі спам нөмірлерінің кең дерекқорын пайдаланып қоңыраулар мен мәтіндерді бұғаттайтын спам сүзу қолданбасын жүктеп алуға болады.