Қатысушыларға мастер-класстарға, презентацияларға және панельдік пікірталастарға қатысу мүмкіндігі берілді.
Ауыл әйелдерінің VI республикалық форумы ауылдағы жүздеген көшбасшыны жинады
1,004
оқылды

17 қарашада Астанада "Тұрақты даму басымдықтарын қалыптастырудағы ауыл әйелдерінің рөлі" атты Ауыл әйелдерінің VI форумы ашылды. Форум тәжірибе алмасу, ауылдық аумақтарды дамытудың түрлі бағыттарының үздік өкілдерін және әйелдер кәсіпкерлігін дамыту жөніндегі әлеуметтік жобаға қатысушыларды оқыту және марапаттау алаңына айналды.

Форум бағдарламасында әйелдердің республиканың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық өмірін дамытуға қатысуының әртүрлі аспектілеріне назар аударатын түрлі іс-шаралар ұсынылды. Қатысушыларға мастер-класстарға, презентацияларға және панельдік пікірталастарға қатысу мүмкіндігі беріледі.

Форумды ұйымдастырушылар Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы және Әлеуметтік динамика қоғамдық қоры ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның және Coca-Cola халықаралық қорының қолдауымен дайындық барысында 4 өңірлік форум өткізді. Өңірлік форумдар аясындар облыстардың күн тәртібіне өңірлердің мәселелерін талқылады.

Форумның ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің ІV, V, VI шақырылымдарының депутаты Майра Айсина: 

«Қазақстан ауыл әйелдерінің форумы-республикалық деңгейде ауыл тұрғындарының дауысын ілгерілету үшін өзін танытқан алаң. Форум 6 рет республикалық деңгейде өткізіліп, 2019 жылдан бастап өңірлерде де өткізіліп келеді. Биыл біз елдің барлық өңірлеріне барып, үлкен жұмыс жасадық.  Қазір бізді біріктіретін және мұқият назар аударуды қажет ететін мәселелерді көрсету үшін біз күш біріктіруге дайынбыз. Әрине, жалпы міндеттер көп, бұл бізді біртұтас және жақсы нәтижеге жетуге сенімді етеді». 

Форум әйелдер арасында, оның ішінде ауылда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған әлеуметтік жобаларға қолдау көрсетеді. Форум делегаттары арасында Кока-кола белестері жобасы байқауының 20 жеңімпазы салтанатты рәсімде өз ісін дамытуға 2-4 мың АҚШ доллары аралығында ақшалай сыйлық сертификаттарымен марапатталды.  

Биыл барлығы 15 мыңнан астам әйел кәсіпкерлік негіздері https://businessteam.ccb.kz және https://farmerschool.kz  қосалқы шаруашылық жүргізу бойынша тренингтерге қатысты. Олардың 581-і үздік бизнес-идея конкурсына қатысуға өтінім берді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға көп. Бұл әйелдер арасында кәсіпкерлікке деген қызығушылықтың үнемі артып келе жатқанын көрсетеді.

Кока-кола белестері жобасының барлық қатысушылары арасында жүргізілген сауалнамаға сәйкес, бағдарламада тегін оқудан өткен қатысушылардың 13%-дан астамы қаржыландыруды тарту мүмкіндіктерін өз бетінше іздеді, бұл 3 мыңнан астам шағын кәсіпорындардың ашылуына немесе дамуына және 7 мыңнан астам жұмыс орындарын құруға ықпал етті. Бұл-еліміздегі әйелдер кәсіпкерлігін қолдау үшін осы бағдарламаның маңыздылығы мен тиімділігінің басым дәлелі.

Александра Аккирман, Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі Coca-Cola компаниясының Корпоративтік байланыстар және коммуникациялар жөніндегі менеджері 

«11 жыл бойы жұмыс істеп келе жатқан Кока-кола белестері жобасы маркетинг, сату, интернет арқылы өнімді жариялау, серіктестер мен инвестицияларды іздеу, шағын бизнес үшін қаржы сияқты әртүрлі білім беру бағыттары бойынша тегін қолдау көрсете отырып, жаңадан бастаған және қазірдің өзінде жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге пайдалы. Ол әйелдерді табысты кәсіпкер болуға, бизнесті дамытуға және елдегі әлеуметтік-экономикалық өсуге ықпал етуге шақырады».

«Жыл сайын ауыл әйелдерінің онлайн платформалар мен әлеуметтік желілер арқылы жаңа білім алуға деген қызығушылығы артып келеді.2020-2021 жылдары, пандемия кезінде, бұл мәжбүрлі шара болса, қазір әйелдердің өздері отбасылары мен үй шаруаларын қалдырмау үшін, онлайн оқуды жөн көреді. Құрылған күннен бастап Farmerschool.kz сайтында 8 мыңнан астам әйел тіркеліп, оқудан өтті. Бұл сайтта бизнестің әр түрлі 23 бағыты бойынша бейне оқулықтар мен пайдалы ресурстар бар», – деді Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясының атқарушы директоры Асхат Сүлейменов.

Дәстүр бойынша форумда "Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері/ауыл әйелдерінің 100 жетістік тарихы" кітабының жаңа бесінші басылымының тұсаукесері өтеді. Сонымен қатар Кока-кола белестері байқауының ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің қатысуымен өнімдер көрме-жәрмеңкесі өтті.