Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
Серікқали Брекешев Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі болып тағайындалды
Фото: primeminister.kz
5,362
оқылды
Үкімет басшысының қаулысымен Серікқали Брекешев ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды primeminister.kz. Серікқали Брекешев 1972 жылы 14 қазанда Павлодар қаласында дүниеге келген. 1995 жылы Атырау политехникалық институтын «мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1995-1997 жылдары «Қазақстан-Ресей сауда үйі» БК бас директорының орынбасары, экономист болып жұмыс істеген. 1997 жылы Ақтау қаласы бойынша Салық бөлімінің жедел бөлімінің инспекторы қызметін атқарды. 1997-1998 жылдары — «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «Мұнайгермес» материалдық-техникалық қамтамасыз ету және өнімді өткізу басқармасы филиалының құбырлар және металл бұйымдары бөлімінің 8-разрядты инженері, көлік, арнайы техника мен қосалқы бөлшектер бөлімінің инженері. 1998-2006 жылдары — «Қарақұдықмұнай» ЖАҚ пайдалану жөніндегі инженері, кен орнында мұнай өндіру шебері, кәсіпшілік менеджері. 2007-2014 жылдары энергетика және минералды ресурстар, мұнай және газ министрліктерінде басшылық лауазымдарды атқарды. 2015 жылдан бастап «ҚазТрансГаз» АҚ құрылымында жұмыс істеді: Техникалық саясат департаментінің директоры, ГТЖ басқару жөніндегі басқарушы директор, техникалық саясат жөніндегі басқарушы директор, өндірістік-техникалық департаменттің директоры, бас директордың техникалық саясат жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған.