"Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі ертеңгі ауа райы қандай болатынын мәлімдеді.
21 қараша күні еліміздің 12 өңірінде тұман түсіп, дауыл соғады
1,939
оқылды

Еліміздің 12 аймағында 21 қарашада дауылды ескерту жарияланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Түнде және таңертең Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Түнде Қызылорда облысының орталығында, батысында  шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с, күндіз өңір орталығында 23 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.

Түнде Ақтөбе облысының солтүстік-батысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, Мұғалжар ауданында 23-28 м/с құрайды деп болжанады. Ақтөбеде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың батыс бөлігінде оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.

Маңғыстау облысының батысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, өңірдің батысында, оңтүстігінде, орталығында 23-28 м/с болады деп күтіледі. 

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. Түркістанда оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі деп күтіледі. Күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Түнде өңірдің солтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса жел соғады, күндіз облыстың батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Орал қаласында түнде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында кейде тұман болады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с. Алматыда түнде және таңертең тұман болады деп күтіледі.

Түнде Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман болады деп күтіледі. Түнде облыстың оңтүстік-батысында оңтүстік-шығысан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Петропавлда күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады деп күтіледі. 

Түнде және таңертең Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман болады деп күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні – 15-20 м/с.