Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев осыдан бір жыл бұрын «Әділетті Қа­зақ­стан: бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» сайлауалды бағдарламасын ұсын­ғаны белгілі.
Ана мен балаға қамқорлық – елдік міндет
896
оқылды

Еліміздегі түбейгелі саяси, экономикалық және әлеуметтік ре­фор­маларды табысты іске асырудың кешенді ұстанымын білдірген бұл құжат Жаңа, Әді­летті Қазақстанды құру міндетін көздеді.

Бір жылдық кезеңде сайлауалды бағдар­ла­ма оң нәтижемен іске асып жатқанына куә болып отырмыз. Бір ғана әлеуметтік саланың өзінде ауқымды рефор­ма­лар жүріп, әлеуметтік әділеттілік принципінің ор­нығуына нық қа­дам­дар жасалды. Біздің басты бай­лығымыз – адам дейтін ұстаным мемлекеттік сая­сат­тың басты тұғыры болып бекіді.

Кеше ғана еліміз 20 миллионыншы тұрғы­нын сүйіншілеп тұрып қарсы алды. «Адам бо­лар баланың маңдайы жазық келер» дейтін да­налықты өзек етіп алар болсақ, бар қазақты қуантқан бес өңірдің қатарында қасиетті, кең жай­лау жұртымыз Түркістан облысы бол­ға­нын мақтан тұтамыз. Демографиялық өсім қарқыны республикамызда ең жоғары сана­ла­тын өлкемізде жыл сайын 60 мыңға жуық сә­би дүниеге келеді. Әрбір алтыншы қазақ­стан­дық дүние есігін ашатын алтын құрсақты ай­мақтың тұрғындары Президент жариялаған әлеуметтік реформалардың игілігін көріп, сезініп келеді. 

Жақында ғана Мемлекет басшысы «Ұлт­тық қор – балаларға» жобасын 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосу үшін заңнамалық түзетулерге қол қойды. Оның аясында Ұлттық қордың инвестиция­лық та­бысының 50%-ы 18 жасқа дейінгі барлық бала ара­сында бөлі­не­тін болады. Бала күтімі бойын­­ша мемле­кет­­тік жәрдемақы мен әлеуметтік төлем беру мер­зімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзар­тылды. 1 қарашадағы жағдай бойын­­­ша, шамамен 632 мың ата-ана 258 млрд тең­­геден астам сомаға төлем алды.

Мемлекеттің әлеуметтік саладағы қол­дауын Түр­кі­стан облысындағы 177 мыңнан аса көпбалалы ана кө­ріп отыр.  Оның ішінде 15 мыңнан аса «Алтын алқа» ие­гері, 43 мың­нан аса «Күміс алқа» иегері санатындағы ана­­­­ларымыз елдің қамқор­лығын сезініп, ке­лешекке нық сеніммен қарайды.

Алтынсары ҮМБЕТӘЛИЕВ, 

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық

филиалының төрағасы,

облыстық мәслихат  депутаты