Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді.
Жауын-шашын, жел, тұман: 21 қарашаға арналған ауа райы болжамы
Фото: Qazaqstan TV
862
оқылды

«Қазгидромет» 21 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонының ықпалында болып, күн жауын-шашынсыз болады.

Елдің батысы мен оңтүстігіне Оңтүстік Каспий циклоны және онымен байланысты атмосфералық ағындардың әсерінен жаңбыр, қар жауады, оңтүстікте жаңбыр жауады.

Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді, батыс және солтүстік-батыста желдің екпіні 23-28 м/с-ке күшейіп, көктайғақ болады.