Студенттерге енді военкоматқа барудың қажеті жоқ.
Қазақстандық студенттер әскерден автоматты түрде босатылады
2,726
оқылды

Енді Қазақстанда студенттер әскерден автоматты түрде босатылады. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Жылда 106 мың студент оқу орнынан, емханадан анықтама алып, военкоматқа тапсыруға 2 апта жұмсайтын.

Енді студент статусын дәлелдеудің қажеті жоқ. Үш министрліктің базаларын интеграциялап, студенттер анықтама жинамай-ақ автоматты түрде әскерден босатылады», –  деді Бағдат Мусин.