Қостанайда ер адам ішімдік ішіп отырып, әйелі мен оның құрбысын пышақтап өлтірген.
Күйеуінің қолынан қаза тапқан әйел полицияға 49 рет шағымданған – Бас прокуратура
1,207
оқылды

Бас прокуратура мас ер адам әйелі мен оның құрбысын өлтіргенін мәлімдеді,  деп хабарлады  Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бас прокуратура үйлестіру кеңесінің отырысында тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселелерін талқылап жатыр.

"Былтыр Қостанайда ер адам ішімдік ішіп жатқанда әйелі мен оның құрбысын пышақтап өлтірген. Әйелі бұған дейін 49 рет полицияға жүгінгені анықталды",  деді Бас прокуратураның Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметінің басшысы Марат Әбішев.

Оның айтуынша, ішімдік ішу ауыр зардаптарға әкеп соққан.

"Сондықтан біз қосымша квалификациялық белгі ретінде "осы әрекеттерді алкогольдік немесе басқа да мас күйде жасауды" қосуды ұсынамыз",  деп түйіндеді Әбішев.

Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков