Күдіктілер қамауға алынды.
Астаналық полицейлер ірі көлемде есірткі партиясын тәркіледі
645
оқылды

Астанада полиция қызметкерлері есірткі өткізу арнасының жолын кесуге бағытталған жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында қала аумағында есірткі құралдарын жеткізуге және өткізуге қатысы бар екі адамды анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Олардың бірі – 30 жастағы ер адам. Жеке тінту кезінде одан 10 кг гашиш есірткі заты салынған спорттық сөмке табылып, тәркіленді.

Жедел іс-шараларды өткізу барысында полиция қызметкерлері оның сыбайласының ізіне түсті. Тілендиев көшесінде BMW автокөлігі тоқтатылды. 29 жастағы ер адамнан 205,90 грамм гашиш есірткі заты салынған орам тәркіленді.

– Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабымен “Есірткі, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу” сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдіктілер қамауға алынды. Астананың полиция қызметкерлері биылғы жылдың басынан бері 218 есірткі қылмысын ашты, оның ішінде 135 өткізу фактісі. Заңсыз айналымнан 265 кг түрлі есірткі тәркіленді, – делінген хабарламада.