Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 8 айлық баланың салмағы жасына сәйкес келмейді.
Павлодарда 8 айлық бала шетінеп кетті: дәрігерлер тың деректі жария етті
734
оқылды

Жедел жәрдем станциясына 17 қазан күні қоңырау түскен. Онда сәбидің көгеріп, тыныс алмай жатқаны және денесінің суық екені айтылған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Дәрігер келген кезде биологиялық өлім орын алғаны анықталды.

Бала сот-медициналық сараптамаға жеткізіліп, онда аутопсия жүргізілді. Атап өтерлігі, шетінеген баланың жасына салмақ сәйкес келмейді. Өлімнің түпкілікті себебі гистологиялық зерттеу нәтижелерін алғаннан кейін белгілі болады.

Бүгінгі таңда Денсаулық сақтау басқармасы осы өлімге байланысты талдау жүргізуде.

– 2023 жылы наурыз айында дүниеге келген бала  4-5 айына дейін тіркелген жері бойынша, яғни Павлодар қаласының №3 емханасында бақылауда болған. Невропатолог пен хирургтың тексеру жазбаларында баланың денсаулығы жақсы екені жазылған, – дейді дәрігерлер.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар медициналық ұйымдар бір жасқа дейінгі балаларды жоспарлы тексеріп-қарауды, сондай-ақ жаңа туған нәрестелерді туған кезінен бастап 28 күнге дейін үйде патронаждауды жүргізетінін айтады. 

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау басқармасы аналарды жоспарлы тексерулерден өткізуге шақырады.

Еске сала кетейік, Екібастұз қаласының Шідерті кентіндегі пәтерлердің бірінен 8 айлық баланың зорлық белгілері жоқ мәйіті табылды. Бұл факт туралы полицияға анасы хабарлады.