Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жол­дауын­да медициналық қызметкерлердің кәсібилігі мен осы саладағы білім беру жүйесін оңтайландыру мә­селесі көтерілген еді.
Ұлт саулығы – әрқашан назарда
709
оқылды

Осы ретте біз Мемлекет басшысының тапсырмасына сәй­кес бір жыл ішінде денсаулық сақтау саласында қандай жұ­мыс­тар атқарылғанына көз жүгіртіп көрдік.

Күні кеше Мәжіліс депутаты, «АMANAT» партиясы фрак­циясының мүшесі Гүл­­­­да­­­ра Нұры­мова өзінің әлеуметтік желі парақ­­шасында Мемлекет басшы­­сы­ның сай­­­­лауалды бағдарламасын орын­­­дау ая­сында соңғы бір жылда атқа­­­­рылған ша­­­раларға тоқталып өтті. 

«Байыпты бағдарлама лайықты баға­­­ға ие болып, сан салаға серпін берді.  Со­­­ның бірі – медицина мен оны қамтамасыз ету бағыты болды. Бұл ретте ауыл тұр­­­­ғын­­­­­­­­­­­­­да­­­­рына ме­­дициналық көмек көрсету дең­­­­гейін арттыру көзделді. Бұл мақсатта «Ауыл­­­дық денсаулық сақтауды жаңғыр­­­ту» пилоттық ұлттық жобасы бекітілді. Бү­­­­­­­­гін­де ұлттық жоба аясында 13 алғашқы ме­­­­ди­­­­циналық-санитарлық көмек ныса­­ны­­­­ның құрылысы аяқталды. 86 ны­­­­сан­да құ­­­­­­рылыс-монтаж жұ­­­­мыстары жүргі­­­­­зілу­­­­де.

13 заманауи перинаталдық орталық құру, онкологиялық орта­­­лықтарды салу жә­не жаңғырту, ауыл­­­дық жерлерде 228 ме­­­­дици­­­на­­­лық нысан салу бойынша жо­ба­­­лар іске асырылуда. Ауылда меди­­­­ци­­­­­налық кадрларды қолдау және даяр­­­­лау бойынша жағдайлар жа­­­салуда. Биылғы 9 айда қа­шық­тан көрсетілген медицина­­­лық қыз­меттер нәтижелі болды. Оның ішін­­­­­­­­де теле­медициналық консуль­­­­та­­­­ция­­­лардың саны 687 453-ті құ­рады. 

Жастар денсаулық орталық­­­­тарының же­лісі кеңеюде. Бүгінде қалалар мен ауыл­­­­­дық жерлерде 138 жастар денсаулық орта­­­лығы жұ­­мыс істейді. Биылғы 9 айда 620 652 адам осы орталықтардың қыз­­ме­­­ті­­­­мен қамтылды», – дейді мә­­­жілісмен. 

Онкологиялық көмекті жетілдіру – өзекті мәселе

Мемлекет басшысының  сай­­лауалды бағдарламасында онко­­­логиялық көмекті жаңғырту, он­кологиялық көмек көрсе­­­туде және қатерлі ісіктерді емдеуде жоға­­­ры нәтижелерге қол жеткізген елдерге ұқ­­­сас онкологиялық науқастарды диаг­­­нос­­­­тикалау, емдеу және оңал­­ту үшін жағ­дай жасау қажет­­­­тігін атап өткен еді. Се­бе­­бі жыл сайын 40 мыңға жуық қазақ­­­стандықта қа­терлі ісік диагнозы рас­­­тал­­­са, 13 мың пациент қайтыс болады. Айта кету керек, Қазақстанда жыл сайын онкологиялық аурудың 4%-ға өсуі байқалады, Мәселен, был­­тыр 39 мың­нан астам жаңа жағдай тіркелген. Бүгінде 205 мың­нан астам қазақстандық есепте тұр. Бұған дейінгі Онко­­логия­­­лық ауруларға қарсы күрес жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған кешенді жос­­­пар­­­ды іске асыру ке­зеңінде республикада қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім 15%-ға төмендеді.

Бүгінде 13 заманауи пери­­­на­­­талдық орталық құру, онко­­­логия­­­лық орталық­­­­тарды салу және мо­­­дернизациялау жобалары жүзеге асырылып жатыр. Атап айтқанда, Астанада еліміздегі алғашқы за­ма­науи жоғары технологиялық қон­­­­дыр­­­­­­­­­­ғылармен жабдықталған жаңа Ұлтт­­­­­ық ғы­лыми онколо­гия­лық орталық салыну­­­да. Бұл мекеме елімізге Орталық Азияда бі­рінші болып онкологиялық науқастар­ға про­тонды терапия жүргізуге мүм­кіндік береді.

Онкологиялық ауруларға қар­сы күрес жөніндегі кешенді жос­­­парды әзірлеу үшін Денсаулық сақ­тау министрлігі ха­­лық­­­­аралық сарапшыларды, менеджер­лерді, онколог мамандарды, онкоге­­ма­толог­­тарды, онкопедиатрларды, ра­ди­а­­­­­­­ция­­­­­лық онкологтарды, оқытушы-профессорлар құрамын, пациенттік үкі­­меттік емес ұйым­­­­дардың өкілдерін тарта отырып, жұмыс тобын құрды.

Құжат Мемлекет басшысының тап­сыр­­­маларын орындау мақса­­­тын­да әзір­лен­­­ген және онколо­­­­гия­лық қызметті ке­­­­­­шенді жаң­ғыр­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­туға бағытталған. Бұл – тиімділігі жоға­­­­ры ерте диагнос­­­ти­ка­ны енгі­­зуді, мамандандырылған емдеу­ді, пал­­­­­­­­­лиативтік көмек пен оңалту сапа­­сын арт­тыруды, сондай-ақ кадрлық әлеует пен ғылымды нығайтуды көздейді. Жос­­­­пар­ланған іс-шаралар ерте диагности­­­­­­­ка­ны жақсартуға, мүгедектікті азай­­туға және он­­кологиялық нау­қастардың өмір сүру деңгейін арт­­тыруға мүмкіндік бе­реді.

Жоспарда медицина кадрла­­рын даярлауға үлкен мән берілген. Еліміздің он­кологтары әлемнің жетекші онколо­­­­­гия­лық орталық­­­тарына қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға жіберіледі.

Еліміздің онкологиялық көме­­гін жаң­­­­­­­­ғыртуға «Қазақстан Хал­­қына» қоғам­­­­дық қоры үлкен үлес қосады, оның қаты­­­­суы­мен сәуле­­­лік терапияға арналған зама­­­­науи аппараттар – желілік үдетк­­іш­­тер, диагнос­тикалық жабдықтар: сәу­­ле­­­­­лік терапияны жоспарлау үшін виртуал­­ды модельдеу функ­циясы бар компью­­­­­­тер­­­­­лік және маг­ниттік-резонанс­тық томо­­­­­графтар орна­тылады; ересектер мен балалар­­дағы онко­­логиялық,  онко­­­­­ге­­­­­ма­­­­­то­­­­логиялық ау­­ру­­­­­­­­­­лар­ды емдеуге арнал­­­ған ісікке қарсы за­манауи препараттар сатып алы­­­на­ды. Сондай-ақ қор қаражаты есе­­бінен елі­­міздің онкологиялық к­өмегі­­­­нің меди­­­циналық маман­­­дары шетелде біліктілігін артты­­рудан өтеді.

Ілкімді істер ілгерілеп келеді

Жуырда Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният республика бойынша МСАК аясында 5 617 ны­­­сан медици­­­­­на­­­лық көмек көрсететінін атап өткен еді. Олар­ға медициналық пунктілер, дәрі­­­­герлік амбулаториялар, емханалар, фельд­­­­­­­­шерлік-акушерлік пунктілер және т. б. жатады. Денсаулық сақтау саласын­­­­­­дағы осы буынның жұмысы аумақ бо­­­­­­­йынша қолже­­тімділікті қамтамасыз ете оты­­­рып, отбасылық қызмет көрсету қа­­ғи­­­­­­­даты бойын­ша құрылған. Ол үшін учас­­­­келік мультидисциплинарлық коман­­­­­­­далар құрылып, оған учас­келік дәрігер, үш орта меди­­­цина қызметкері, әлеуметтік қызмет­­­кер және психолог кіреді.

Соңғы үш жылда мемлекет МСАК-ты нығайту бойынша бір­қатар іс-шараны іске асырды. Мәселен, амбулаториялық дең­гейде қаржыландыру өсті, кон­­­суль­­­тациялық-диагности­­­калық көмек­пен қам­ту 7 есеге, қымбат КТ қыз­­меттерінің қолжетімділігі 9 есеге, МРТ қолжетімді­­­­лігі 6 есеге ұлғайды. Сонымен қатар ден­сау­лық сақтау ұйымдары желісінің мем­ле­­кет­тік нормативі қайта қа­рал­­ды. Атап айтқанда, кемінде 500 адам тұратын ауыл­дар­да меди­­цина қызметкер­­­лерінің саны бір адамнан үшке дейін ұлғайтылды. Медбикелердің қабылдау функ­­циялары кеңейтілді. Онкология­­лық ауруға күдігі бар пациенттер үшін «жасыл дәліз» ая­сында МСАК ұйымдарында тексеруден өту жеделдетілді.

Сонымен қатар МСАК-ты амбула­­­­­то­­риялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ұлғайды. Егер 2019 жы­лы препараттар 48 ауру бойын­ша сатып алынған болса, 2023 жылы тізбе 4 млн адамды қам­­­ти оты­рып, 126-ға дейін кеңей­тілді. Балалар мен ауыл тұрғында­­­ры арасында аурулар­­­­­ды ерте анықтау күшейтілді.

Оған қоса, денсаулық сақтауды цифр­­ландыру, көлік медицинасын да­мыту, білікті мамандарды даяр­лау және т. б. бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Ауыл тұрғындарына медицина қолжетімді болмақ

Кейінгі жылдары медициналық кө­­мек­­­тің қолжетімділігі жақсарып келе жа­тыр. Мәселен, тегін дәрі-дәрмекпен қам­тамасыз етілетін аурулардың тізбесі едәуір кеңейді. Оңалту қызметтері де қол­жетімді бола түсті. Амбулаториялық-емха­налық көмекті қаржыландыру кө­лемі өсуде. Сонымен қатар жаңа­дан денсаулық сақтау объек­­тілері іске қосы­лып жатыр, бұл, әсіресе, білікті медици­­­налық көмекке мұқтаж ауыл тұрғындары үшін аса өзекті. Жалпы, мемлекет ауыл тұр­ғын­­­дарына медициналық көмек көр­­­сету деңгейін арттыруды көз­деп отыр. Бұл мақсатта Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру мақсатында Қазақстанда «Ауылдық денсаулық сақ­­тау­ды жаңғырту» ұлттық жобасы бекі­­­тілді. Бүгінде ұлттық жоба аясында 13 ал­­ғашқы медициналық-сани­тарл­ық көмек нысандарының құ­рылы­­­­­сы аяқталды. 86 нысанда құры­лыс-монтаж жұмыстары жүр­­­­гізілуде. Бұдан бөлек, Қостанай, Сол­­түстік Қазақстан және Түр­­кістан облыс­­тарында 4 көпса­­­лалы орталық ауд­андық аурухана­­­ларда күрделі жөндеу жұмыстары жүр­гізілуде.

Жоба аясында 2025 жылдың соңына дейін 655 МСАК нысанын салу жос­­­пар­ланып отыр. Бұл де­геніміз 257 меди­­ци­­налық пункт, 238 фельдшерлік-аку­­­шерлік пункт және 160 дәрігерлік ам­бу­­­латория. Бүгінде 99 МСАК ны­санының құрылысы жүріп жатыр, бар­лығы биыл тапсырылмақ.

Физиотерапия кабинеттері элек­­тро­терапия, магнитотерапия, ультрады­­быстық терапия, фототе­­­­рапия, ультра­­­күлгін терапиясы, ин­галяторлар және басқа да құ­рыл­­ғылармен жабдық­­­талатыны атап өтілді. ЕШД залында ұсақ мо­тори­каны қалпына келтіру мен да­мытуға арналған түрлі тренажер, эрго­­терапияға арналған стендтер, швед қа­быр­­ғасы, кинезотерапияға арналған жаб­дықтар қарасты­рылған. Сонымен қа­тар барлық жаңа МСАК нысандары телемеди­цинаны ұйымдастыру үшін компью­терлік және медициналық жаб­­дықтармен қамтамасыз етіл­ген.

Ұлттық жоба шеңберінде ин­­сульт жә­не кардиологиялық орта­­лықтар, оңал­ту, травматология және ортопедия, хирур­гия, реа­нима­­­­­­ция, қарқынды терапия бөлім­ше­­­лері ашылып, көпбейінді орта­­­лық аудан­­дық 32 аурухананы жаңғырту және күрделі жөндеу, сондай-ақ заманауи медициналық жабдықтармен жарақ­­­тан­дыру жұмыстары жүргізіледі.

Сонымен қатар ауылдық ден­саулық сақтау мекемелері үшін 1 100 медицина қызметкерін даяр­лау жоспарлануда, олар­­дың ара­сында дәрігерлер, мед­­­бике­лер, фельд­шерлер мен акушерлер бар.

 

Президенттің сайлауалды бағдарламасында: «Азаматтардың білім алуына, денсаулығы мен әл-ауқатына мемлекет тікелей жауапты. Әлеуметтік бюджетіміз өсіп келеді. Бұл – балабақша, мектеп, аурухана, мәдениет, спорт нысандарын салуға және жөндеуге, атаулы көмекке бөлінетін триллиондаған теңге. Қаражат сомасынан гөрі әрбір мұқтаж адамның арнаулы мемлекеттік қамқорлықты сезінуі маңыздырақ екенін естен шығармауымыз керек»,  делінген.  Яғни, бұл – ұлт саулығы әркез мемлекеттің басты назарында деген сөз. 

Наурызбек САРША