Ел аумағы бойынша екпінді жел соғады.
Қар, жаңбыр, көктайғақ: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы
2,067
оқылды

"Қазгидромет" 24 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Оңтүстік Каспий циклоны және соған байланысты атмосфералық фронттар ҚР аумағы арқылы жылжуын жалғастырады және елдің басым бөлігіне ықпалын сақтайды, сонымен бірге жауын-шашын (жаңбыр, қар), оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте – қатты жауын-шашын жауады. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, солтүстік, солтүстік-батыс, орталық аудандарында бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, Түркістан облысының тау асуларында, түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында, күндіз Жамбыл облысының оңтүстік-батысында 30 м/с және одан аса жел күтіледі.