Тергеу барысында мектеп бухгалтері өз кінәсін толығымен мойындады.
Алматыда 46 миллион теңге жымқырған мектеп қызметкері 7 жылға сотталды
Фото: razoom.mgutm.ru
1,252
оқылды

Алматыда мектептің бас бухгалтері бір жыл бойы штаттық кестеде қарастырылған жалақыдан асатын жалақыны өзінің жеке шоттарына заңсыз аударып келген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алматы қаласы прокуратурасының хабарлауынша, аталған факті бойынша Бостандық ауданының прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастады.

Тергеу барысында мектеп бухгалтері өз кінәсін толығымен мойындады.

Сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан 5 жыл мерзімге айыра отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.