Аманғали Сыпабеков алдымен қайын жұртына барғандағы естеліктерімен бөлісті.
Шатастырып алдым: малдың рөлін сомдайтын әзілкеш алғаш рет әйелін көпшілікке таныстырды
4,132
оқылды

“Базар жоқ” театрының әртісі, үнемі малдың рөлін сомдайтын танымал әзілкеш Аманғали Сыпабеков алғаш рет отбасы туралы әңгімеледі, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ұйқым келмейді” бағдарламасына өнер иесі жан-жары Маралмен бірге келген. Ол алдымен қайын жұртына алғаш танысуға барғанын есіне алды.

"Танысуға барған кезде қайын атамды көрдім. Олар бірнеше адам болып, достарымен отырды. Суретте бір-біріне ұқсай береді ғой. Қабағы қатулы болды. Содан папама ұқсайтын бір кісіге Тұрсынбектің, Қайраттың әзілін айттым, бірақ ешқайсысы өтпеді, күлмейді. Енем мен жаңағы қасындағы досы ғана көңіліме қарап, күліп отырды. Бір кезде папам "далаға шығайық, темекі тартайық" деді де, өзі әрі қарай барып, телефонмен сөйлесіп тұрды. Папамның досымен жақсы сөйлесіп кеттік. Бір кезде "Папаның мінезі қиын-ау, қызымен бекер араластым ба" деп айтқаным сол еді, әлгі кісі "мен ғой сенің папаң" деген кезде қуанып кеттім. Сөйтсем, шатастырып алыппын", – деп еске алды.

Әртістің жұбайы Марал Амангелдиева Аманғалидың өзіне үйленуге ұсыныс жасамағанын жеткізді.

“Екеумізді таныстырған – қайын әпкем. "Ініммен таныстырамын" деп айтып жүргенде, мен ол кісінің Әбеке екенін білмедім. Алғаш танысуға келген кезде бәріміз әуелі ол кісімен суретке түсіп алғанбыз. Одан кейін бірден сөйлесіп кеттік, бір жылдай жүрдік. Кейін әке-шешеммен танысқаннан кейін бірден үйленейік деп айтты, мен де келістім”, – дейді Марал.  

Аманғали Сыпабеков бала тәрбиесіне қатты мән беретінін де атап өтті.

“Абыройлы әке болғым келеді. Мейлі, қазіргі Аманғали болмай қалсам да, елге танылған әнші болмай қалсам да, өмірде балаларым "біздің әкеміз мықты кісі" дейтіндей адам болғым келеді. Ел алдына шықпай қалып жатсам, мені бала тәрбиесімен айналысып жүр деп біліңіздер”, – деп бөлісті ол.