Байқаудың негізгі мақсаты – денешынықтыру педагогтерінің шығармашылық бастамасын қолдау,
кәсіби өсуге жәрдемдесу, осы мамандық бойынша педагогтердің беделін арттыру.
Дене шынықтыру пәнінің үздік ұстаздары марапатталды
4,464
оқылды

21-24 қараша аралығында Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығымен бірлесіп «Үздік денешынықтыру педагогі – 2023» республикалық байқауы өтті, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Байқаудың негізгі мақсаты – денешынықтыру педагогтерінің шығармашылық бастамасын қолдау, кәсіби өсуге жәрдемдесу, осы мамандық бойынша педагогтердің беделін арттыру.

Бұл іс-шара барысында білім беру сапасын арттыруға, педагогтердің кәсіби шеберлігін жетілдіруге, білім беру-тәрбие процесін ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз етуге, озық педагогикалық тәжірибені анықтап, таратуға, заманауи инновациялық білім беру технологияларын енгізуге, шығармашылық педагогтерді қолдау және педагог мамандығының беделін көтеруге назар аударылды.

Байқауға барлық түрдегі жалпы орта білім беру ұйымдарының денешынықтыру педагогтері-конкурстың облыстық кезеңінің жеңімпаздары қатысты. Жиын үш кезекті қамтыды, алғашқысын аудандық білім бөлімдері қыркүйек айында өткізді. Облыстардың және Астана, Алматы, Шымкент қалаларының білім басқармалары қазан айында екінші кезеңді ұйымдастырды.

Үшінші кезең – республикалық финалдық кезең, 21-24 қараша аралығында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы базасында өтті. Конкурс соңында Гран-приді Қостанай облысынан келген мұғалім Нұрбол Әбдіғалиев жеңіп алса, бірінші орын алматылық ұстаз Жұлдыз Оспановаға бұйырда. Екінші, үшінші орындарды сәйкесінше Ақтөбеден келген Әлібек Пусурманов пен ақмолалық Гүлжан Иманова місе тұтты.