Кейбір мәліметтерге сәйкес, күдіктінің шамамен 25 жылдан бері психикалық ауруы бар.
Анасының салғырттығы: Шымкентте нағашы ағасы төртінші қабаттан тастай салған бала көз жұмды
1,184
оқылды

Шымкентте ағасы төртінші қабаттан тастай салған бала облыстық балалар ауруханасында жан тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жаннет Жазықбаева мәлімдеді. Сәби комада жатып, есін жимай, көз жұмған. Ол екі жасқа әлі толмаған да еді.

"Сағат 18:39-да баланың жүрегі тоқтап қалды, дәрігер реанимациялық шаралар әсер етпейтінін хабарлады. Ата-анасы шақырылды. Ата-анасының салғырттығынан тағы бір бала қаза тапты", – деді балалар омбудсмені.

Қайғылы оқиға 23 қарашада кешкі сағат 8-де Иляев көшесіндегі үйде болды. Психоневрологиялық диспансерде есепте тұрған ағасы ұлды пәтердің терезесінен лақтырып жіберген. 

Кейбір мәліметтерге сәйкес, күдіктінің шамамен 25 жылдан бері психикалық ауруы бар. Куәгерлердің айтуынша, ол бірнеше рет баланың ойыншықтарын терезеден лақтырған. Алайда ол баланы лақтырады деп ешкім ойламаған.

Көршілерінің айтуынша, баланы отбасы көптен күткен және жалғыз бала болған. Әйел жұмыс істеуге жағдайы келмейтін ағасы мен баланы асырау үшін бірнеше жерде жұмыс істеген дейді.

Бұған дейін Шымкентте ағасы бүлдіршінді терезеден лақтырып жібергені айтылды.