Магомед Адиев қымбат сыйлық алғанын әлеуметтік желіде сүйіншіледі.
Қазақстан футбол федерациясы бас бапкерге көлік мінгізді
3,888
оқылды

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиевке көлік кілтін тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жаттықтырушы бапкер және команда ретінде жанкүйерлер алдында тиісті межені орындамағандарын да атап өткен.

"Тиісінше бұл сыйлыққа толық лайықтымын деп айта алмаймын. Әріптестерімізбен бірге футболдан Еуропа чемпионатына шығу үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз. Алда үлкен жұмыс күтіп тұрғанын сеземіз, сол үшін де өзіміздің сүйікті спортымыз – футболдағы мақсатымыздың орындалуы үшін аянып қалмаймыз. Бұл сыйлықты бағалаймын, ол мен үшін мотивация ғана емес, еліміз бен халқымыз алдындағы міндетімді есіме түсіріп тұратын сый болмақ", – деген Адиев.

Бас бапкер көпшіліктің сенімі мен қолдауына алғысын білдірген.