Әйелі кеңесші болып жұмыс істейтін банкке ер адам мас күйінде келіп, кеудесі мен иығынан пышақтай бастаған.
Ақтөбеде банкте күйеуі «отбасын сақтап қалу үшін» әйелін пышақтап өлтірмек болды
1,014
оқылды

Жергілікті басылым жазғандай, пышақтың жүзі сынып, иығында қалып қойған. Ер адам мұнымен тоқтамай, оның денесі мен басынан жұдырықпен ұрды, кейін қашып кеткен. Мұның бәрі жәбірленушінің әріптестерінің көз алдында болды. Оқиғадан кейін әйел ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Әйеліне шабуыл жасаған адам өлтіруге оқталды деген айыппен сот отырысына шақырылды. Жәбірленуші баласы бар екенін, күйеуінің ішімдік ішетінін, анаша шегетінін, өзін және анасын өлтіремін деп қорқытқанын айтты. Жәбірленуші оны кешірмеді, күйеуіне соттан бас бостандығынан айыруды сұрады», – делінген жазбада.

Сотта айыпталушы әйелін өлтіру ойының жоқтығын, керісінше, отбасын сақтап қалғысы келетінін алға тартты.

Прокурор сот отырысы барысында айыпты кісі өлтіруге оқталудан «Пышақпен жасалған бұзақылыққа» өзгертті. Сотталушы жұмыс уақытында қоғамдық орында әйеліне пышақпен шабуыл жасап, денсаулығына жеңіл зиян келтіргендіктен бұзақылық бабы бойынша айып дұрыс қозғалған деп тапты.

Сот айыпталушыны бұзақылық жасағаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырды.

Анықталғандай, үкім жарияланған кезде айыпталушы ажырасып кеткен.