Аса ауыр қылмысты қарайтын мамандандырылған сот үш сағатқа созылды.
Алматы облысында 8 жастағы қызға азғындық жасаған ер адамға қатысты сот отырысы өтті
1,219
оқылды

Алматы облысында 8 жастағы қызды зорлады деп айыпталған азаматқа қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Істі облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылғын ауданаралық соты қарап жатыр,  деп хабарлайды Aikyn.kz Almaty.tv-ге сілтеме жасап.

«Экспертиза нәтижесінде кілемде ұрығы, немеремнің түкірігі анықталды. Әуелі, екінші қабатта, баспалдақтың астында арам ойын іске асырған», – деді зардап шегуші тарап өкілі.

Шағым қалдырған тарап бүгін сот залында мемлекет тарапынан берілген қорғаушымен де алғаш танысқанын айтты. Адвокат шулы іске қатысты барлық материал тізбектеліп, келесі отырыста ұсынылатынын айтты. Ал анасы азғындық жасағанның қатаң жауапқа тартылуын қалайды.

«Бүгін сот біздің тарапты тыңдады. Зардап шегуші ретінде бәрін айтып бердік. Мен зәбір көрген қыздың анасы ретінде соттың әділ шешім шығаратынына сенемін. Бізде барлық дәлел бар. Келесі сотты 4 желтоқсанға қалдырды. Оның қалай өтері әлі белгісіз», – деді зардап шегуші тараптың өкілі.

Аса ауыр қылмысты қарайтын мамандандырылған сот үш сағаттан соң ғана аяқталды. Жабық қаралымда күдіктінің көршілерінен де жауап алынған көрінеді. Сот әзірге қосымша ақпарат бермеді.

17 мамырда Есік қаласының Көктөбе ауылында қыз зорлады деген айыппен сол ауылдың тұрғыны қамауға алынған еді.