Шақыртуға жеткен жедел тергеу тобы 43 жастағы ер адамды тапқан.
Ақтауда үй артынан ер адамның мәйіті табылды
Фото: polisia.kz
4,961
оқылды

Ақтауда №7 шағынаудандағы 3-үйдің артынан ер адамның мәйіті табылды. Бұл туралы Маңғыстау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім етті,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

15 қарашада 102 кезекшілік пультіне №7 шағынаудандағы  3-үйінің артында ер адамның мәйіті жатыр деген шақырту түскен. Шақыртуға жеткен жедел тергеу тобы 43 жастағы ер адамды тапқан.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалып, факт ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы бойынша тіркелді. Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен 22 және 41 жастағы ер адам соттың санкциясымен 2 айға қамауға алынды",  делінген баспасөз мәліметінде.