Кәсіпкер әрі блогер Аян Сейітханның сөзінше, орамалымен көптің сеніміне кірген келіншегінің шын бейнесі басқа.
20 миллион теңгемді жымқырып кетті: блогер бұрынғы әйелін айыптады
6,655
оқылды

Блогер Үміт Мұхитова мен кәсіпкер Аян Сейітхан былтыр 5 қарашада дүбірлетіп той өткізген. Алайда  жас жұбайлардың махаббаты ұзаққа созыла қоймады. Олардың ажырасқанын желі қолданушылары сезіп қойды, артынша екеуі мұны растады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

KYN.KZ-тің жазуынша, блогер Үміт Мұхитова шаңырағының шайқалуына күйеуінің желіде басқа қыздармен сөйлесуі және мәһір мәселесі себеп болғанын айтқан. 

"Еркек жазды, сөйлесті. Кінә еркектен. Анық сенімді емеспін. Дәлел жоқ қолымда. Бірақ басқа қыздармен хат алмасқанын көзіммен көргенмін. Мәһір – деген еркектің міндеті. Бұл жерде 20 миллионды ұрлап кетті деп қалай арыз жазып тұрғанын түсінбедім", – деді блогер. 

Ал Аянның сөзінше, алмаған сыйын сылтауратып, келіншегі оны тонап кеткен. Ажырасудың астарында мүлде басқа жайттар жатыр деген ол, көп уақыт жұрттың сынына ілігіп, хейттен бас көтере алмай қалған. Тіпті, өсек пен келіннің кінәлауларын көтере алмай қыркүйек айында әкем бақилық болды дейді.

"Үйден кетерінде 20 миллион теңге ұрлап кетті. Ол 20 миллион толыққанды менікі емес еді. Өте иманды байғұс, бишара қызды мен екіқабат қылып тастап кетіп, ақша да бермей, қиянат жасаған сияқты көрсетіп қойды. Умка "құрбан", мен "абьюзер" сияқты болып қалдым. Хейт жазғанда өшіріп, бұғаттап тастадым. Хейт маған ғана емес, әкеме де келді. Менің әкем өмір бақи қой баққан. Өзінің қойшы ауылы, 500-дің үстінде қойы бар. Қыс бойы оны көбейтеді, жаз бойы егінмен айналысады. Бұл – ұрпақтан-ұрпаққа келе жатқан кәсіп. Әкемді жан жаққа алып шыққым келді, бірақ ол 100 пайыз жұмысын біреуге сеніп тапсырмайтын. Былтыр умраға алып барсам деп едім, бірақ сәті түспеді. Биыл жаңа жылда барсақ деп жоспарладық. Бірақ оған жете алмадық", – деді Аян.