Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады.
Президент Алматы қаласындағы хостелде қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына көңіл айтты
Фото: Алматы қаласының әкімдігі
839
оқылды

Мемлекет басшысы Алматы қаласындағы хостелдердің бірінде қаза тапқан Қазақстанның және шетел азаматтарының жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

"Қайғылы жағдайға кінәлілер заң бойынша жауапқа тартылады. Үкімет пен әкімдікке зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету тапсырылды",– делінген хабарламада.

Айта кетейік, 30 қараша күні сағат 05.33-те Алматыдағы Әди Шәріпов  көшесінде орналасқан хостелде шыққан өрттен 13 адам қаза тапты. Тағы үш адам ауруханаға жеткізілді.

Анықталғандай өрт салдарынан қаза тапқан 13 адамның 11-і  – қазақ, біреуі – өзбек, тағы біреуі орыс ұлтының өкілі.