Қордайдағы қақтығыс: Өртенген ғимараттан табылған мәйіттің кім екені анықталды
Қордайдағы қақтығыс: Өртенген ғимараттан табылған мәйіттің кім екені анықталды
Фото: Интернеттен алынды
238
оқылды
Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қордай ауданы Масанчи ауылындағы өртенген ғимараттың ішінен табылған мәйіттің кім екені белгілі болды. «Биыл 11 ақпанда Масанчи ауылындағы өртенген сауда ғимаратынан табылған адам сүйектеріне қатысты жүргізілген генетикалық сараптама нәтижелері бойынша көз жұмған адамның жеке басы анықталды. Ол хабар-ошарсыз кеткен 20 жастағы Мұрат Масанов болып шықты. Оның жоғалғаны туралы полицияға 9 ақпан күні әкесі xабарлаған» делінген ведомство мәлімдемесінде. Сондай-ақ, адам өлімінің мән-жайы тергеуден соң анықталады.