Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.
Түркістан облысының тұрғыны өзге ұлттардың тарапына дөрекі сөздер айтқан
841
оқылды

Түркістан облысының тұрғынына ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін халықаралық іздеу жарияланды, деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ер адам басқа ұлт өкілдерінің тарапына дөрекі сөздер айтып, наразылығын білдірген бейнеролик жасаған.

Бұл видео құқық қорғау органдарының назарын аударып, күдікті анықталды. Ол Түркістан облысының 28 жастағы тұрғыны болып шықты. Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ер адам қазір Қазақстан аумағынан тыс жерде.

Бұл оқиғаға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 174-бабы ("Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты қоздыру") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге халықаралық іздеу жарияланған. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу амалдары жүргізілуде.