Сонымен бірге полиция тінту нәтижесінде күдіктіден қылмыстық «бизнес» туралы жазбалар жазылған күнделік тәркіленгенін мәлімдеді.
Қазақстандық танымал тұлғалар мен бизнесмендер «VIP сутенердің клиенттер тізімінде» жүр
4,596
оқылды

Қазақстандық танымал тұлғалар мен бизнесмендер мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таратылған «VIP сутенер клиенттерінің тізімінде» жүр, сутенердің ұсталғаны туралы маусым айында Ішкі істер министрлігі хабарлаған болатын, деп жазды Aikyn.kz. 

ҚазТАГ жазған сипаттамаға сәйкес, «танымал блогер» Лав Айканың телефон кітапшасынан алынған және қазір желі қолданушылары таратып жатқан тізімде қазақтың танымал әншілері мен музыканттары, ірі топ өкілдері бар. Қазақстанның ірі қаржы институттарының, жоғары оқу орындарының, кәсіпорындардың және басқа да мекемелердің қызметкерлері де осы тізімнен табылады.

Сондай-ақ тізімнен «әлеуметтік жауапкершілігі төмен әйелдер» де байқалады.

Жалпы, тізімде телефон нөмірлері бар 300-ге жуық есім бар, олардың кейбірі қазақстандықтардың көпшілігіне белгілі.

Еске салайық, 6 маусымда Ішкі істер министрлігі Алматыда айналымы 209 миллион теңгеден асатын элиталық эскорт қыздардың «жабық» әлеуметтік желілері жойылғанын хабарлаған болатын. Осы әлеуметтік желілер арқылы полицияның мәліметінше, Алматыда тек ауқатты ерлерге интимдік қызмет  көрсететін модель қыздардың қатысуымен секс кештері ұйымдастырылған.

Іс бойынша басты айыпталушы – 25 жастағы алматылық әйел, тергеушілердің айтуынша, ол «ақша үшін сексуалдық қызмет көрсетуге дайын модель қыздарды таңдаған, сонымен қатар ауқатты клиенттерді іздеген». Тәртіп сақшылары түсіндіргендей, «жыныстық-бизнесті ұйымдастырушы өзінің интернеттегі қызметін мұқият жасырған» және «Instagram әлеуметтік желісінде өзін табысты модель және блогер ретінде көрсете отырып, 100 мыңнан астам аудиторияға ие болған».