Желтоқсан айында Қазақстан тұрғындары 11 күн демалады. Алайда бұл демалыс күндері баршаға бірдей емес.
Желтоқсан айында неше күн демалыс беріледі?
13,305
оқылды

Биыл 16 желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесі аптаның сенбісіне тура түсіп тұр, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Егер мемлекеттік немесе ұлттық мереке сенбі не жексенбіге келсе, демалыс күндері бір күнге ұзартылады. Демек аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 16, 17, 18 желтоқсан күндері, ал алты күн жұмыс істейтіндер – 16 және 17 желтоқсан күндері демалады.

Желтоқсан айының соңғы сенбі-жексенбісі 30 және 31-іне сәйкес келеді. 2024 жылғы жаңа жыл мерекесіне орай 1, 2 қаңтар күндері демалыс күні болып белгіленген. Демек аптасына бес жұмыс күн істейтін қазақстандықтар 30, 31 желтоқсан мен 1, 2 қаңтар, яғни, қатарынан төрт күн, ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үш күн демалады.

Еске салсақ, бұған дейін 1 желтоқсанда – Тұңғыш Президент күні тойланатын. Алайда былтырдан бастап бұл күн мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды.