Дәрігерлер Алматыда аялдамада көлік қағып кеткен жолаушының екі аяғын да кесетін болды
Дәрігерлер Алматыда аялдамада көлік қағып кеткен жолаушының екі аяғын да кесетін болды
Фото: Интернеттен алынды
242
оқылды
Дәрігерлер Алматыда аялдамада болған жол апатынан зардап шеккен әйелдің жағдайын айтып берді, – деп хабарлайды Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы. Дәрігерлердің айтуынша, әйелдің екі аяғы да ампутацияланды. «Әйел жедел медициналық көмек ауруханасына жеткізілді. Дәрігерлер оған қажетті көмекті көрсетті. Ол қазір жансақтау бөлімінде ауыр жағдайда жатыр. Екі аяғы да ампутацияланды. Травматикалық шок алған», – деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері. Айта кетейік, бұған дейін Алматыда аялдамада тұрған жолаушының аяғы жол апатынан жұлынып кеткенін жазған болатынбыз.