Энергетикалық сусындар әр дүкенде сатылады. Оның үстіне, еліміздің кейбір аймақтарында оны, тіпті балалар да сатып алады. Ал күн сайын энергетикалық сусын ішсеңіз не болады?
Энергетикалық сусындарды күнде ішсе не болады? – Маман жауабы
2,415
оқылды

Ресейлік медицина ғылымдарының кандидаты, биолог Александр Созыкиннің айтуынша, энергетикалық сусындарды үнемі тұтыну тек патологиялық тәуелділікті ғана емес, сонымен қатар денсаулықты жоғалтуға, тіпті өлімге әкелуі мүмкін, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Энергетикалық сусындардың рецептін сонау өткен ғасырда жапондық өндірушілер ойлап тапқан. Олар жұмысбасты менеджерлердің жұмысын жақсартқысы келген.

«Қазір энергетикалық сусындар күнделікті тұтынуға арналған сусындар ретінде жарнамаланады. Ол асқазанға тез сіңу үшін газдалған су негізінде жасалады. Ал мұндай сусындардың негізгі құрамдас бөліктері – жүрек-тамыр және жүйке жүйесін күрт сергітетін заттар: қант (қарапайым жоғары калориялы көмірсулар) және жоғары дозадағы кофеин. Сондай-ақ қазіргі заманғы энергетикалық сусындарда тәуліктік дозадан асатын таурин, В дәрумендері (ас қорытуға пайдалы), синтетикалық бояғыштар мен дәмдеуіштер бар», – деді маман.

Биологтың айтуынша, біздің дүкендерде сатылатын энергетикалық сусындарда 100 г сусынға шамамен 25-40 мг кофеин бар немесе 500 мл-де шамамен 125-160 мг және 250 мл-де 63-100 мг, ал ГОСТ бойынша бұл мөлшерге тыйым салынған.

Энергетикалық сусынның бір банкасын ішу бір уақытта 3-4 кесе тұтас дәнді кофе ішумен бірдей.

«Энергетикалық сусындар жүкті әйелдердің, бала емізетін аналардың және 70 жастан асқан қарттардың денсаулығына зиян тигізуі мүмкін. Асқорыту, жүрек-тамыр, жүйке жүйесі және психикалық аурулары бар адамдарға бұл мүлде ұсынылмайды. Бірден аллергиялық реакциялар беруі мүмкін», – деп ескертеді сарапшы.

Сусынды күнделікті тұтыну кезінде тәуелділік 3-6 ай ішінде пайда болады, ол патологиялық тәуелділікке айналады. Жоғары дозада энергетикалық сусындарды үнемі және бақылаусыз қолданудың салдары өлімге алып келеді.