Ол Тараз қаласында ұзақ уақыт бойы ірі көлемде героин сатып, жеткізген.
Жамбыл облысында зейнет жасындағы қария есірткі сатқан
883
оқылды

Жамбыл облысында есірткі сатумен айналысқан 63 жастағы зейнеткер ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ал Алматы облысының полицейлері жасырын есірткі зертханасын анықтап, ол жерден 55 келі мефедрон тәркіледі. Екі жергілікті тұрғын жеке үйдің ауласында синтетикалық есірткі өндірумен айналысқан.

Тағы бір оқиға. Алматыда ұсталған төрт «дос» Алматы, Алматы облысы және Абай ауданында есірткі сататын интернет-дүкен ұйымдастырған.

«Алматы мен Семей қалаларында бір уақытта ұстау шаралары жүргізілді. Нәтижесінде есірткі заттары, орауыш материалдар, ақшалар мен ноутбуктер тәркіленді», – деп жазды Алматы облысының полиция өкілдері.

Жалпы, 10 күндік жедел профилактикалық іс-шара барысында тәртіп сақшылары республика бойынша заңсыз айналымнан 337 келі түрлі есірткі, оның ішінде 87 келі синтетикалық есірткі және 7 мыңнан астам трамадол дәрілерін тәркіледі.