Қытай астанасында Қазақстанның мәдени күндері өтті. Қа­зақ­тың әуелеген әні мен күмбірлеген күйі Қытайдың ең үлкен ұлттық сахнасында шырқалды.
Қытайда шырқалған қазақ әні
3,886
оқылды

Мәдени күндер аясында ұйым­дас­тырыл­ған іс-шаралардың ішінде осы концертті жұрт ерекше қабылдады. Роза Бағланова атындағы мемлекеттік ұжымның өнерпаздары бұл сапарға 6 айдан астам уақыт дайындалған.  Өнерпаздар қазақ пен қытай халық әндерін қос тілде орындап, көрерменнің ыстық ықы­ласына бөленді.

Фестивальға Шанхай ынты­мақ­тастық ұйымының Бас хат­шы­сынан бастап, Қы­тай­дың мем­ле­кет­тік органдары, дипло­матиялық кор­пус, елшілер мен қазақ-қытай дос­тығына үлес қосып жүрген тұл­ғалар қатысты. Бейжіңде білім алып жүрген сту­дент жастар және қан­дастар да ерекше сағы­нышпен та­машалады.

– Жалпы, Қазақстанның мәде­ние­ті, өнері қалай дамып келеді? Со­ны көрсеткіміз келді. Өйткені біз­дің өздеріңіз көргендей, өзі­міз­дің фольклорымыз, яғни ұлттық өне­рімізді көрсеттік, – дейді ре­жис­сер Думан Әкім.

Бағдарламада ұлттық домбыра, қобыз, опералық және класси­ка­лық өнер көрініс тапты.