Танымал эстрада жұлдызы Ерке Есмахан желідегі парақшасында жан сырын ақтарды.
«Менен мұны күтпеңіздер»: Ерке Есмахан жан сырын ақтарды
20,764
оқылды

Ол оқырмандарына өзі үшін құпия сақталуы тиіс дүниелер бар екенін айтқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Әнші не себепті бөпелі болған сәтін жалпақ жұртқа мәлім етпегенін түсіндірді. 

"Перзентханаға 5 мобилограф жалдап, бәрін түсіріп, рисл жалдап, одан қалды босанған сезімімді пост етіп, жазып отыруға болар еді. Бірақ қуанышқа толы сәт болғанымен, этикаға жата бермейтін, құпия сақталуы тиіс дүниелер бар мен үшін. Сондықтан жүрекжарды сыр ашу менен күтпеңіздер. Ең дұрысы, сол босануды менен сұрағанша, сезінуді бұйыртсын бастарыңызға. Жұғысты болсын!", – деп жазды ол.