Күдіктілер деструктивті діни ағым өкілдері болып шықты.
Кәсіпкерлерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
Фото: sn.kz
2,514
оқылды

Атырауда кәсіпкерлерден 2,6 млн теңге алу кезінде қылмыстық топ ұсталды. Сондай-ақ олардың деструктивті діни ағым өкілдері екені белгілі болды, деп хабарлайды Aikyn.kz

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдіктілер 6 желтоқсанда ұсталған.

«Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жеке кәсіпкерлерден 10 млн теңге бопсалаған қылмыстық топтың заңсыз әрекетін әшкереледі. Полицейлер жәбірленушілерден 2 млн 600 мың теңге алу үшін кездесу ұйымдастырған қылмыстық топтың 4 мүшесін ұстады. Деструктивті діни ағым өкілдерінен құралған топ наурыз айынан бері жәбірленушілерді бопсалап, әрқайсысынан 5 млн теңгеге жуық қаржы иемденбек болған», – деп хабарлады ведомстводан.

Қазір ұсталғандардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Оларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 194-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.