Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
СҚО-да 17 жастағы жігіт өз үйінде өлі табылды
1,118
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысында 17 жастағы жігіт өзіне қол жұмсады. Қазір осы дерек бойынша тергеу жүріп жатыр,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

СҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, хабар 30 қараша күні Аққайың аудандық полиция бөліміне түскен. 17 жастағы жігіт үйінде суицид жасап, асылып қалған. 

Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодекстің 105 бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша енгізілді. 

Полицейлердің айтуынша, жігіттің денесінде зорлық-зомбылық белгілері болмаған. Мүрде сот-медициналық сараптамаға жіберілді.