Ал мектеп әкімшілігі жедел жәрдем де шақырмаған.
Мейірімді деп ойлаған: Ақтауда сабақ кезінде оқушыны ит тістеп алды
754
оқылды

Ақтау қаласындағы №5 мектепте дене шынықтыру сабағы кезінде оқушыны қаңғып жүрген ит тістеп алған, - деп жазды Aikyn.kz.

Lada.kz-тің дерегінше, оқиға кезінде оқушының мұғалімі де болған.

Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, оқыс оқиға 4 желтоқсан күні болған. Әйелге мектептен хабарласып, баласын ит тістеп алғанын жеткізген. Ол мектепке барып, бейнебақылау камерасынан оқиғаның қалай болғанын көрген.

"Иттің алаңдағы тордың маңында жүгіріп жүргені байқалады. Ол жерде мұғалім де болған, алайда ол күзетті шақырмаған. Ит балаға шабуылдап, қолын тістеп алған. Ал мұғалім итті қаппайды, мейірімді деп ойлапты", – дейді Джульетта Жамиева.

Ол мектептегілер жедел жәрдем де шақырмағанын, сондықтан баланы ауруханаға өзі алып кеткенін айтады.