Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандар Ақтөбе қалалық Ішкі істер басқармасында.
Бейімдеу орталығының терезесін сындырып қашқан үш қыз табылды
1,451
оқылды

Ақтөбеде кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тересін сындырып, қашып кеткен үш қыз жалдамалы пәтерден табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

8 желтоқсан күні "Аяла" бейімдеу орталығынан үш кәмелетке толмаған қыздар –  Манар Мырзакенова, Әмина Тезекбаева және Жұлдызай Дошонова қашып кеткен болатын. Іздеуге полицияның кешенді күштерінің нарядтары, еріктілер жұмылдырылды.

Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қашып кеткен қыздарды жалдамалы пәтерден тапты. 

Айта кетейік, 8 желтоқсан күні Ақтөбеде полиция кәмелетке толмаған үш қызды іздестіріп жатқанын хабарлаған еді.