Қазақстан тұрғындарының жалпы өмір сүру ұзақтығы былтыр 74,44 жылды құраған.
Қазақстандықтар орта есеппен қанша жыл өмір сүреді?
1,983
оқылды

Бұл - ковидке дейінгі кезеңмен салыстырғанда біршама көп, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, тәуелсіздік жылдарында Қазақстанда демографиялық көрсеткіштерде бірқатар оң үрдістер байқалады.

"Мәселен, халық санының өсуі тіркелді. Туу көрсеткіші артты, сәбилер мен аналар өлімі азайды, осы жылдар ішінде халықтың табиғи өсімі 5 миллионнан астам адамды құрады. Ел азаматтарының орташа жасы 32 жасты құрайды. Ер азаматтардың өмір сүру ұзақтығы 7,7 жылға, ал әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 6 жылға артты. 2022 жылы жалпы өмір сүру ұзақтығы 74,44 жылды құрады. Ал 2019 жылы ковидке дейінгі кезеңде 73,18 жыл болатын, – деді Еңбек  және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Назгүл Сағындықова.

Сондай-ақ ол Қазақстанда бүкіл әлемде сияқты 65 және одан жоғары жастағы адамдар санының өсу үрдісі байқалатынын атап өтті. Еліміз 2017 жылы қартайған халқы бар елдер тобына кірген. Бізде 65 жастан асқан адамдардың үлесі 7 пайыздан асады.