Таяуда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық универ­ситетінде көрнекті ғалым Нұржамал Оралбайқызының 95 жылдығына орай «Қазақ тіл білімі және оқыту әдістемесі: дәстүр және болашағы» атты республикалық дөңгелек үстел отырысы өтті.
Ғалым атындағы дәрісхана ашылды
588
оқылды

Айтулы мереке аясында про­фес­сор есімімен дәрісхана ашылды. Іс-шараға ҚР ҰҒА академиктері мен тілші-профессорлар қатысып баяндама жасады. 

Нұржамал Оралбайқызы – сәу­лелі ғұмырын қазақ тіл біліміне арна­ған тұлға. Филология ғылым­дарының докторы, профессор көзі тірісінде 300-ден астам ғылыми мақала, 20-дан астам оқулық пен монографиялық еңбек жазып қал­дырды. Одан өзге 70-тен астам ғы­лым докторы мен ғылым канди­датын даярлап, қазақ ғылымына өлшеусіз еңбек сіңірді. Кезінде университет жанынан ашылған докторлық диссертация кеңесінің төрайымы қызметін абыроймен атқарғанын әріптестері мақтаныш­пен еске алады. 

Нұржамал Оралбайқызының ғы­лым­дағы айрықша жаңалығы – қазақ тілінің сөзжасам жүйесін тереңінен зерделеуі еді. Дәл осы тақырып аясында ғалымың жетек­шілігімен ғылыми-зерттеу жұмыс­тары жазылды. Бүгінге дейін жет­кен «Қазіргі қазақ тілінің морфо­логиясы», «Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі», «Қазіргі қазақ тіліндегі етістіктің аналитикалық форманттары» және т.б іргелі мұралары бар. Нұржамал Оралбайқызы осынау тың еңбектері мен ғылым кадрларын даярлаудағы сүбелі үлесінің арқасында тіл ғылымының мектебін қалып­тас­тыра білді.

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Алматы қаласы

фото: almaty.tv