Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Үкімет қаулысымен өткен жылдың соңында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық ұлттық жоба аясында 2023-2025 жылдары Батыс Қазақстан облысында 50 медициналық нысан салу жоспарланған. Бүгінгі күні биылға жоспарланған 12 нысанның алтауы халық игілігіне берілді. Қалған 6 нысан жыл соңына дейін берілетін болады.
Ауылда медициналық нысан ашылды
634
оқылды

Кеше  Тәуелсіздік күні мерекесі қар­­саңында Теректі ауданына қа­расты Сары­өмір ауылында Батыс Қа­зақстан облысының әкімі На­ри­ман Төреғалиевтің  қатысуымен ал­тыншы нысанның ашылу сал­та­наты өтті. Бұл нысанды салуға рес­пуб­ликалық бюджеттен 374 млн тең­геге жуық қаражат бөлінді. Қ­ұ­ры­лыс мерзімі 4 ай болса да, «Фир­ма ИСКОМ» ЖШС мердігер ком­па­­­ниясы белгіленген мерзімнен ер­те аяқтады. Аталған дәрігер­лік ам­булатория күніне 35 адам қабыл­дай алады, заманауи медициналық құрал­дармен жабдықталған, ауыл тұрғындар арасында 22 адам тұрақ­ты жұмыспен қамтылады. Дәргерлік амбулатория емдеу-профилак­ти­ка­лық объектісі бо­лып саналады, ішін­де жалпы дәрігерлік-про­фи­лак­тикалық дәрігер кабинеті, про­це­дуралық, физиотерапевттік, тіс ем­дейтін кабинеттер, акушер-ги­не­ко­лог кабинеті, зертханалар мен дә­­­ріхана, сонымен қатар дені сау ба­ланың кабинеті және тағы да бас­қа қарастырылған.

Жалпы, биыл облысымызда ден­­саулық сақтау жүйесін қаржы­лан­дыруға 92 млрд теңге қарас­ты­рыл­ды. Осы жылы 5,5 млрд тең­­геге медициналық жабдық са­тып алу жоспарланған. Қазір 204 бір­лік медициналық жабдық алын­ды. Сондай-ақ облыста меди­ци­на­лық ұйымдарға жер­гілікті бюджет есе­бінен 1,7 млрд теңгеден астам қа­ражат бөлініп, 81 жедел жәр­дем  ав­токөлігі сатып алынды. 

Жалпы сомасы 1 млрд 733 млн тең­геге жуық қаржыға 22 денсаулық сақ­тау нысанына күрделі жөндеу жұ­мыстары жүргізілуде, оның ішін­де «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясын­да 6 нысан бар. 18 нысан бойынша жөндеу жұмыстары аяқталды.

Өңір басшысы ауыл тұрғын­да­рын ел дамуына, өмір сапасын арт­тыруға бағытталған жаңа нысанның ашылуымен және келе жатқан Тәуел­­сіздік күні мере­ке­сімен құт­тық­тады.