Қарағанда қаласы әкімінің орынбасары және жеке бизнесте жұмыс істеген.
Дархан Иманашев «ҚазАвтоЖолдың» басқарма төрағасы болып тағайындалды
872
оқылды

Дархан Иманашев «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы лауазымына тағайындалды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Дархан Иманашев 1983 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген.

Жол қозғалысы инженері мамандығы бойынша Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін және құқықтану мамандығын «Болашақ» Қарағанды актуальді білім институтында тәмамдаған. Техника ғылымдарының магистрі.

Еңбек жолын 2004 жылы Қарағанды қаласында жол шеберінен бастаған. «ҚазАвтоЖол» РМК, сондай-ақ ҚР Көлік және коммуникация министрлігінде әртүрлі қызметтерді атқарған.

Қарағанда қаласы әкімінің орынбасары және жеке бизнесте жұмыс істеген.