Қыз 17 қарашаға қараған түні әпкесі және оның досымен дүкенге шыққан.
"Итеріп, көлікке салып, алып кеткен": Алматыда 4 ер адам 18 жастағы қызды зорлаған
3,296
оқылды

Алматыда 4 ер адам 18 жастағы қызды зорлаған. Бұл туралы қоғам белсендісі, "Немолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі хабарлады. Полиция бұл дерекке қатысты жауап берді, – деп хабарлайды  Aikyn.kz Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Дина Таңсәрінің сөзінше, қыз 17 қарашаға қараған түні әпкесі және оның досымен дүкенге шыққан. Кері қайтар жолда әпкесінің досының жағдайы нашарлап, жолай көлік тоқтап, оларды жеткізіп тастауды ұсынған. Артынша әпкесі мен досы көліктен шығып кеткен кезде жүргізуші олар бірнәрсе тастап кеткенін айтып, қыз бала қайтадан келген. Жүргізуші қызды итеріп, көлікке салып, алып кеткен. 

Қыздың анасы 2-3 күн бойы сараптама жасатқан. Оның сөзінше, тергеуші мазақ қылғандай "Енді дүкенге барасың ба? Саған ұнады ма?" деп сұраған. 

Бүгінде зорлық көрген қыз психологиялық көмек алып жатыр және адвокатпен жұмыс істеп жатыр. 

Алматы қаласының Полиция департаменті өкілдері бұл дерекке қатысты пікір білдірді. 

"Бұл дерек бойынша Жетісу ауданының Полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 121-бабы 2-бөлігі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бір күдіктінің жеке басы анықталды. Одан бөлек, тергеу шаралары қабылданып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды", – дейді қалалық ПД өкілі Салтанат Әзірбек.