Күдікті Қазақстан аумағында тыйым салынған діни ұйымды жақтаушылардың қатарында.
Жетісу облысында экстремистің үйінен 13 қап есірткі тәркіленді
1,334
оқылды

Жетісу облысының полицейлері тыйым салынған діни ұйым өкілінің үйінен есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицейлер облыстық ҰҚКД қызметкерлерімен бірлесіп, Сарқан ауданының 45 жастағы тұрғынын ұстады. Ауыл тұрғынының үй-жайында санкцияланған тінту кезінде полицейлер 13 қап марихуана тәркіледі.

– Біз ер адамның Қазақстан аумағында тыйым салынған діни ұйымның жақтаушысы екенін білеміз. Осыған байланысты, жедел іс-шаралар облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізілді. Қазір есірткіні заңсыз сақтау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп мәлімдеді Жетісу облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы.