Олар түнгі сағат 1:30 шамасында эвакуацияланған.
Ақмолада 31 тәжік азаматын құтқарды
988
оқылды

Ақмола облысында 31 тәжік азаматы эвакуацияланды, оның ішінде екеуі – бала, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі. 

Шетел азаматтары «Астана-Петропавл» тасжолында түнгі сағат 1:30 шамасында эвакуацияланған. 

– Тәжік азаматтарын төтенше жағдай қызметкерлері жылыту бекетіне жеткізді. Осыған дейін де өңірдің құтқарушылары 9 желтоқсанда тағы 28 шетел азаматын құтқарған болатын, – деді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. 

Төтенше жағдай қызметі егер қауіпті жағдайда қалсаңыз дереу 112 нөміріне хабарласуды сұрайды.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, 

Ақмола облысы