Ауылда шектеу шаралары енгізілді.
Қарағанды облысында ірі қара малдан құтырма анықталып жатыр
758
оқылды

Қарағанды облысына қарасты Жарлы ауылында ірі қара малдардан құтырма ауруы анықталып жатыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Ветеринарлық қадағалау комитетінің облыстық инспекциясы мамандарының айтуынша, әзірге екі сиырдың көзі жойылды. Мал иесіне нарықтағы бағамен өтемақы төленеді.

Ветеринарлар қатерлі індет жабайы аңнан жұққан болуы мүмкін екенін айтады.

Ауылда шектеу шаралары енгізілді.

Эпизотияға қарсы қызмет зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ет пен сүт өнімдерін сатуға тыйым салынды. Сондай-ақ елді мекенге кіріп-шыққан көліктердің бәрі тексеріледі.