Қазір жасөспірім жансақтау бөлімінде жатыр.
Өскеменде жасөспірім 4-қабаттан құлап кетті
762
оқылды

ШҚО Өскемен қаласында 14 жастағы жасөспірім 4 қабаттағы терезеден құлап кетті,  деп хабарлайды Aikyn.kz

Оқыс оқиға 12 желтоқсан күні кешкі уақытта қаладағы Назарбаев даңғылында орналасқан үйлердің бірінде болған. Жасөспірім көпқабатты үйдің төртінші қабатындағы терезеден құлап кеткен.

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 14 жастағы жасөспірімді шұғыл түрде жедел жәрдем қызметкерлері Ана мен бала орталығына жеткізді. Қазір ол ауруханада жатыр. 

«Баланың бас сүйегі жараланып, жіліншігі сынып кеткен. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Науқас қазір жансақтау бөлімінде жатыр»,  дейді басқарманың баспасөз хатшысы Әсем Қайратбек.

Әзірше баланың қалай құлап кеткені белгісіз. Аталған оқиғаға қатысты Полиция департаменті ақпарат берген жоқ.