Бүгін сағат 14.00 шамасында бозбаланың денесі табылды. Алдын ала дерек бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.
Өскеменде жоғалып кеткен 17 жастағы бозбаланың денесі табылды
1,207
оқылды

Өскемен қаласында кешелі бері із-түзсіз жоғалған 17 жастағы бозбаланың денесі табылды,  – деп хабарлайды  Aikyn.kz.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 желтоқсан күні полицияға хабарласқан әйел адам ұлының жоғалып кеткенін айтқан.

«Сол күні ол түскі уақытта үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайта оралмады. Іздестіру жұмыстарына полицейлер мен еріктілер жұмылдырылған», – делінген ақпаратта.

Бүгін сағат 14.00 шамасында бозбаланың денесі табылды. Алдын ала дерек бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған.

«Қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталып жатыр. Өзге ақпаратты жария етуге тыйым салынған», – делінген хабарламада.