Жалын шамамен 20 шаршы метр аумақты шарпыды, зардап шеккендер бар.
Қостанайда тандыр өнімдерін сататын дүңгіршек жарылды
747
оқылды

Алдын ала мәліметке қарағанда, төтенше оқиғаға газ-ауа қоспасының жарылуы себеп болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құтқарушылар көлемі 50 литр болатын 6 газ баллонын алып шықты. 

«ТЖД бөлімшесі келгенге дейін сатушының 20 жастағы көмекшісі ауруханаға жатқызылды. Жас жігіт денесінің 70-75%-ін термиялық күйік шалған, жағдайы ауыр», – деді Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта өрттің жай-жапсары мен себебі тексеріліп жатыр.

Өрт сөндірушілер алдын ала себеп ретінде қауіпсіздік ережелерін сақтамауды алға тартты. Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қасым Қайраттың айтуынша, тандыр қызметкерлері тандыр пешін қыздырып, кейін газ баллондарын әкеліп, пешке тіреп қойған. Алдымен бірінші жарылыс болды, екіншісінен кейін жас жігіттің денесін күйік шалды.