Жасанды интеллект жүздеген миллион ой еңбегі қызметкерлерін жұмыссыз қалдырады. Бүкіл әлем бойынша 1 млрд адамға жұмыстан қысқарып қалу қаупі төнуде. Қандай мамандықтарды таңдаған жөн?
Мемлекеттік қызметкерлер қысқартылады
Иллюстрация startupmindset.com сайтынан алынды
11,364
оқылды

Business Insider жаңалықтар порталы жасанды интеллект еңбек нарығында «цунами» туғызады деп жазды. Жасанды интеллект бүгінде сән үшін айтылатын сөз емес, ол адам өмірін түбегейлі өзгертетін ғаламдық құбылыс екенін Aikyn.kz америкалық порталға сүйене отырып талдайды.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: RUNSTUDIO

Жаңалықтар порталы таяу онжылдықта жасанды интеллект технологиясы Америка экономикасын қалыптастыратын негізгі құрылымдық өзгерістердің біріне айналатынын жазды. Қазірдің өзінде бұл технология «ақ жағалылар» (мемлекеттік қызметкерлер) әлеміне еніп, жүздеген миллион жұмыс орындарын жою қаупін төндірді.

Бұдан дүниежүзінде бір миллиардқа жуық ой еңбегінің қызметкерлері зардап шегіп, 14 миллион жұмыс орны толығымен жойылады деген болжам жасалуда.

Мемлекеттік қызметкерлер қысқарып, жалақылары төмендеген кезде бұдан басқа мамандық иелері пайда тауып, өздері күтпеген тиімді және қауіпсіз жағдайда жұмыстарын жалғастыра беретін болады. Түбегейлі өзгерістер қолөнер, ауыр дене еңбегіне, сондай-ақ физикалық, ақыл-ой және қоғамдық еңбекті біріктіруді қажет ететін мамандықтарға әсер етпейді.

Керісінше, басқа ұзақ мерзімді тенденциялар серпін алғандықтан, жоғарыда аталған бағыттардың көпшілігінде жұмыс орындары өседі.

Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Andrew Bret Wallis

Алдағы өзгерістер егде жастағы америкалықтардың санының өсуімен және денсаулық сақтау, жасыл энергетика, жоғары технологиялық өндіріс және құрылыс секторларындағы жұмысшыларға сұраныстың артуымен байланысты. 

АҚШ-тың Федералдық еңбек статистикасы бюросы алдағы 10 жылда ең жылдам дамып келе жатқан кәсіптер денсаулық сақтау, көлік, жаңартылатын энергия және жоғары технологиялық өндіріс болады деп болжайды. Сондықтан бұл салаларда жұмыс орындары қысқартылмайды.

Жасанды интеллект ауруханада күтім жасайтын медбикелерді де, ас үйді жөндейтін құрылысшыларды да алмастыра алмайды. ЖИ революциясының жеңімпаздары өндірістік жұмысшылар, медбикелер мен сантехниктер болады. Жаңа экономика жұмысшы табы үшін, қол еңбегінің адамдары үшін өте жақсы болуы мүмкін

Фото ufacity.info сайтынан алынды

Бүгіннің өзінде америкалық жұмысшыларды жігерлендіретін өзгерістер бар. Ой еңбегінің адамдары жұмыс таба алмай қиналып жатқанда, жартылай өткізгіштер сияқты өндіріс салаларында бос жұмыс орындары көбейді. Бұл жұмыс қолы қажет барлық салаларға қатысты. 

Екі жылға созылған еңбек нарығындағы шиеленіс пен жұмыссыздықтың төмен деңгейі жұмысшылардың жалақысын өсірді, бүкіл ел бойынша 9,6 миллион жаңа жұмыс орны ашылды.

Алдағы 10-15 жылда барлық жаңа жұмыс орындарының жартысына жуығы денсаулық сақтау және әлеуметтік қолдау салаларында болады деп болжануда. 2032 жылға қарай әрбір алтыншы жаңа қызметкер медициналық, әлеуметтік көмек көрсету және үйде қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін болады.

Соңғы бір жылда ай сайын 15 мың жұмыс орны ашылған құрылыс саласында да қысқартулар болмайды. АҚШ-тың басқа да экономикалық көрсеткіштері тұрақты түрде жақсаруда. Соңғы он жылда кедейшілік деңгейі 14,8%-дан 11,5%-ға дейін төмендеген. 

Фото Getty Images сайтынан алынды

ЖИ тағы қандай салаларға әсер етпейді?

Жақында Әлемдік экономикалық форум мен Accenture консалтингтік компаниясы 900 мамандыққа жасанды интеллект қалай әсер ететінін бірлесіп зерттеген.

Нәтижелер адамдардың өзара әрекеттесу деңгейі жоғары жұмыс орындары мен стандартты емес қол еңбегін қажет ететін жұмыс орындарын ЖИ алмастыра алмайтынын көрсеткен.

Яғни, адамдардың ерекше дағдылары мен өзара әрекеттесуін талап ететін жұмыс орындарында жалақы да, сұраныс та бірге өсетіні анықталған. Болашақ мамандық таңдауда осындай болжамдарды да ескерудің маңызы зор.