Елбасы партия басшыларына қашықтағы елді мекендерге барып, тұрғындардың мәселесін шешуді тапсырды
Елбасы партия басшыларына қашықтағы елді мекендерге барып, тұрғындардың мәселесін шешуді тапсырды
261
оқылды
Елордада Елбасының төрағалығымен Nur Otan партиясының Саяси кеңесі бюросының мәжілісі өтті. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter -дегі парақшасында жазды. Оның хабарлауынша, мәжілісте Бюро мүшелері партияның 18 наурызда өтетін Саяси кеңесінің күн тәртібін талқылады. –Партия басшылары, Мәжіліс және мәслихат депутаттары қашықтағы аудандарды қоса алғанда елді мекендерге барып, адамдармен кездесіп, олардың мәселелерін шешу керек.  Осы мәселелердің барлығы өңірлік партия бағдарламаларында көрініс табуы тиіс, - деді партия Төрағасы. Бұдан басқа, Бюро мәжілісінде партия ішіндегі іріктеу - праймеризді еліміздің барлық өңірінде 30 наурыздан 16 мамырға дейін жаңа тәсілмен өткізу  туралы шешім қабылданды. – Менің ойымша, бұл партия атынан мәселе шеше алатын ең белсенді және сенімді мүшелерді анықтауға мүмкіндік беретін дұрыс шара, - деді Елбасы.