Танымал тележүргізуші, кино және театр актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Азамат Сатыбалдының анасы жақында өмірден өтті.
Бірақ сағыныш басылмасы анық: Азамат Сатыбалды анасына арнап жазба қалдырды
6,350
оқылды

Ол көз жұмған анасына сағынышын желідегі парақшасына жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Қайғыны бөліссең азаяды.

Ардақты ағайын.

Анамнан айырылып қайғыдан есеңгіреп жатқанда, жылы сөздеріңізбен жанымды жұбаттыңыздар.

Алғыстан басқа айтарым жоқ.

Отбасыларыңыз аман болсын.

Әке-шешелеріңізді қадірлеп, тірі күнінде батасын алып қалуға тырысыңыздар.

Бақыт батада.

Өмір жалғасады, бұл заңдылық. Бірақ сағыныш басылмасы анық.

Көңіл айтып жатқан барша оқырмандарым мен замандастарыма рахмет айтамын", – деп жазды Азамат Сатыбалды Instagram парақшасында.