Республиканың тек солтүстік, шығыс өңірлеріне антициклон сілемі әсернен ауа райы көбінесе жауын-шашынсыз сақталады.
Бүгін бірнеше аймақта жел күшейіп, қар жаууы мүмкін
4,471
оқылды

Қазгидромет синоптиктері Қазақстанда 17 желтоқсанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжам жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен қар түсуі мүмкін. Еліміздің батысында қар қалың жауып, оңтүстік-батысында жауын-шашын (қар, жаңбыр), бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі», – деп жазды ведомстводан.

ҚР бойынша желдің күшеюі болжануда.